Екі боксшы бірден нокдаунға түсті

Екі боксшы бірден нокдаунға түсті
Фото: boxeodecolombia.com

Бокста түрлі жағдайлар болады. Қызықтысы бар, қайғылысы бар, өкінішті сәттері де жетерлік. Жуырда кубалық Иросвани Дювергел (5-0, 3 КО) мен америкалық Джерхедо Фендорсон (5-10, 2 КО) арасында өткен жекпе-жекті жұрт көпке дейін айта жүретін болды.

Бокс кеші Голливудтағы (Флорида штаты) Seminole Hard Rock Hotel & Casino қонақ үйі кешенінде өткен. Үшінші раунд соңында боксшылар бір-біріне бір сәтте соққы жасап, екеуі де нокдаунға түсті. Нәтижесінде Дювергел ринг арқанына сүйеніп тұрса, Фендерсонды төреші есеп ашып барып тұрғызды.

Боксшылар бұл нокдаунмен де тоқтап қалған жоқ. Бір-бірін тізерлетумен болды. Дегенмен жекпе-жек соңына дейін жалғасып, америкалық боксшы төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті.

Н. Үсенова