"Барселона" футбол клубы тарихындағы ең үздік гол анықталды

"Барселона" футбол клубы тарихындағы ең үздік гол анықталды
Фото: fcbarcelona.com

"Барселона" командасының жанкүйерлері клуб тарихындағы ең үздік голды анықтауға арналған сауалнамаға қатысып, үздігін таңдады. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.

Жанкүйерлер таңдауы бойынша клуб тарихындағы ең үздік голды 2006/2007 жылғы маусымдағы Испания кубогының жартылай финалында Лионель Месси соққан. Аргентиналық сұрмерген "Хетафеге" қарсы өткен ойында төрт бірдей ойыншыны және қақпашыны алдап өтіп, ашық қақпаны дәл нысанаға алады. Бұл голға 45 % жанкүйерлер дауыс беріп, үздіктің үздігі деп таныған.

Сауалнама қорытындысы бойынша екінші және үшінші орында да Лионель Месси соққан голдар тұр. Дауыс беруге әлемнің 160 елінен жарты миллионға жуық адам қатысқан. 64 голдың ішінен үздіктерін таңдаған.

Ө. Сансызбай