Месси Еуропаның ең үздік сұрмергені болып танылды

Месси Еуропаның ең үздік сұрмергені болып танылды

Аргентиналық сұрмерген шабуылшы, "Барселона" командасының ойыншысы Лионель Мессиге Еуропаның ең үздік шабуылшысы есепті "Алтын бутсы" сыйлығы табыс етілді.

Испания біріншілігінің 2011/2012-кезеңінде 50 гол соғу арқылы Месси барлық бәсекелестерден оқ бойы озып шықты. Кеше тегі аргентиналық ойыншыға 1960 жылдың "Алтын бутсы" сыйлығына лайықталған испандық даңқты футболшы Луис Суарес арнаулы жүлдені табыс етті.

"Жетістігіме үлестерін қосып келген ағайын-туыс, отбасыма, әріптестеріме алғыс айтам. Міне, аталған жандардың бәрімен қуанышымды тең бөлісемін, - деп айта келе Месси, - Достарымсыз бұл жүлдені ала алмас та едім. "Алтын бутсы" - командалық сыйлық! Жиі қайталаудан танбаймын, жалғыз жүріп мұндай жүлделерді жеңу мүмкін емес. Командадағы әріптестерімсіз осынша голды соқпас та едім" - деп ағынан жарылған.

"Барселона" сапында кезінде Испания біріншілігін екі рет жеңіп алған Суарес Лионель секілді ойыншы әлемдік футболда бұрын-соңды қайталанып көрген емес дейді.

Марапаттау кешіне Мессидің командалас достары Карлес Пуйоль мен Хави, отбасы мүшелері, дос-жарандары келді.

сурет:marca.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига