Шахтер – чемпион!

Шахтер – чемпион!

Футболдан ел біріншілігінің чемпионы анықталды. Ол қарағандылық – «Шахтер» командасы. Ішкі біріншіліктің аяқталуына бар болғаны екі тур қалғанда «кеншілер» өз алаңдарында қызылордалық «Қайсарды» ұтып, екінші мәрте футболдан Қазақстан чемпионы атанды.

Қызылордалық командамен болған ойынды Виктор Кумыков шәкірттері өте ширақ бастады. Матчтың бар болғаны жетінші минутында Жамбыл Кукеев он бір метрлік айып тобына  ие болған. Бірақ нүктеге келген Роджер Каньяс Джоджо Неманьядан айласын асыра алмады. Содан кейін «Қайсар» командасы қайсарлық танытып Александр Мокин қорғаған қақпаны нысанаға алып көрді. Дегенмен алыстан бағыттаған соққылар Мокиннің оңай олжасы айналды.

Екінші тайм да кеншілердің басымдылығымен басталды. Матчтың 50 минутында Қызылорданың түлегі Мақсат Байжанов керемет соққысымен есепті ашты. Арада екі минут өтпей жатып, тағы сол Байжанова дубль авторы атанып, «Шахтер» командасын 2:0 есебімен алға шығарды. Ал кездесудегі соңғы нүктені матчтың аяқталуына 10 минут қалғанда Жамбыл Кукеек қойды. Есеп 3:0. Қарағандылық команда қатарынан екінші рет Қазақстанның чемпионы атанды.

 25-турдың басқа да нәтижелері:

 "Сұңқар"  - "Ақтөбе" 0:1

Гол: Т. Кападзе, 10

 "Тобыл"  - "Ақжайық" 6:0

Голдар: Струков 22, 1:0, Богданов 24, 2:0, Йованович 25, 3:0, Жұмасқалиев 37, 4:0,  Андреев 46, 5:0,  Андреев  71, 6:0

 "Атырау"  - "Тараз" 0:0

 "Оқжетпес" - "Ордабасы"" 1:2

Голдар: Әшірбеков 58, 0:1, Досмағамбетов 70, 1:1, Гуйе 83, 1:2

 "Астана" - "Жетісу" 1:0

Гол: Кетевоама 65

 "Ертіс" - "Қайрат" 1:0

Гол: Бақаев, 53

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: prosportkz.kz

Ю. НИКУЛЛИН