Роберто Карлос мадридтік «Реалға» қайта оралуы мүмкін

Роберто Карлос мадридтік «Реалға» қайта оралуы мүмкін

Мадридтік «Реал» командасының жетекшілері жуық арада махачкалалық «Анжидің» экс-капитаны Роберто Карлосты өз қатарларына қосуы мүмкін. Бұл туралы испандық AS басылымы хабарлайды.

Карольдік команданың сапындағы негізгі қорғаушылар Марсело мен Фабиу Коентрау жарақат алып, үш-төрт айға қатардан шығып қалған. Сол себепті де Моуринью командасына сол қапталда ойнайтын ойыншы іздеп жатыр екен. Басылымның айтуынша, бұл позицияға басты үміткерлердің бірі бүгінде «Анжи» командасының бас бапкер Гус Хиддинктің көмекшісі болып жүрген Роберто Карлос.

Айта кетейік, 39 жасар бразилиялық қорғаушы «Анжи» сапында он шақты ресми кездесуде ойнап, команда жетекшілерінің шешімімен бас бапкердің көмекшісі болып тағайындалған. Дегенмен ресейлік команданың басшылары – «Карлос бүгінде жасыл алаңда жасындай жарқылдауға күш-қуаты жетеді. «Реал» сапына ауысқан жағдайдың өзінде қорғаушы сәтті ойнай алады», -дейді.

Роберто Карлос «Раел» сапында 1996-2007 жылдар аралығында 11 жыл тер төккен. 

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: www.fc-anji.ru

У. ҚОСАНБАЙ