Маска-шоу

Маска-шоу

Құрметті Массагет порталының оқырмандары! Назарларыңызда «Питбуль» лақап атымен танымал Эдгар Давидс. Әрине, бұл көзілдірік таққан аяқдопшыны спортсүйер қауым жазбай танитыны анық.  Ал футбол тарихында көзілдірік немесе бетперде таққан төмендегі ойыншыларды астындағы мәтініне қарамай тани аласыздар ма?

Доменико Кришито (алдыңғы планда) және Николас Ломбертс Чемпиондар Лигасы аясында "Миланмен" өткізген кездесу.  

2002 жыл. "Фулхэм" командасының аргентиналық шабуылшысы Факундо Сава "Ливерпуль" қақпасына соққан голын тойлауда.

2010 жыл. Риберидің арғы жағында бетпердемен келбетін жасырып тұрған - Мартин Демичелис.

2011 жылдың сәуірі. Чемпиондар Лигасы. Уэйн Руни және  «Шальке» командасының қорғаушысы Кристоф Метцельдер.

2011 жылдың күзінде Михайл Баллакта біршама уақыт бетперде киген. 

Сол жылы бетперде тағу сәнге айналғандай. Клас-Ян Хунтелар Нидерланды құрамасының сапында.

2007 жыл. "Челси" командасының капитаны - Джон Терри.

У. ҚОСАНБАЙ