Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Бұл қызық / Чемпиондар Лигасына шолу (екінші ойын күні)

Чемпиондар Лигасына шолу (екінші ойын күні)

Чемпиондар Лигасына шолу (екінші ойын күні)

Топтық кезеңнің екінші тур ойындары аяқталды. Жалпы екінші кезең ойындарында ешқандай сенсация орын алмады десе те болады. Фаворит саналған командалардың барлығы кезекті жеңістеріне жетті. Тек «МС» өз алаңдарында Германияның былтырғы чемпиондары «Боруссияға» шамасы жетпеді. Массагет.кз порталы Чемпиондар Лигасының кездесулеріне шолуын жалғастырмақ.

АЯКС - РЕАЛ МАДРИД

Мадридтік «Реал» кезекті жеңіске жетті. Енді карольдік клуб жеке-дара «D» тобының көш басында келеді. «Аякспен» өткен кездесуде Жозе Моуринью командасы ойын бастала салысымен ойынның өту барысын өз қолдарына алды. Матчтағы алғашқы голдың аворы Роналду. Португалдық жігіт бірінші таймның аяқталуына санаулы ғана минуттар қалғанда өзінің жойқын соққысымен Вермер қорғаған қақпаның осал тұсын тапты. Екінші кезеңде де мадридтік команда өз үстемдіктерін жүргізді. Франция құрамасының шабуылшысы Кәрім Бензема есеп айырмашылығын 2:0-ге жеткізді. Испандық команда кездесудегі екінші голын салған кезде ғана амстредамдық команда Мойсандердің көмегімен есеп айырмашылығын қысқарта білді. Дегенмен бұл кездесудің үздік ойыншысы атанған португалдық Криштиану Роналду екі минуттың ішінде екі гол соғып, хэт-триктің авторы атанды. Айта кетейік, бұл Роналдудың қатарынан екінші мәрте жасаған хэт-тригі болатын.

"Аякс" - "Реал" - 1:4

Голдар: Роналду 42', 79', 81', Бензема 48', Мойсандер 56'

"Аякс": Вермеер, Блинд, Ван Рийн, Алдервейрелд, Мойсандер, Поульсен (Споркследе 66'), Эриксен, Де Йонг, Бурригтер, Сана (Хусен 66'), Бабел (Лукоки 81').

"Реал": Касильяс, Марсело, Рамос, Пепе, Арбелоа, Алонсо, Кака (Озил 75'), Эссьен (Хедира 78'), Роналду, Кальехон (Ди Мария 61'), Бензема.

Ескерту алғандар: Эссьен 58'.

АНДЕРЛЕХТ - МАЛАГА

Тағы бір испандық клуб – Малага Чемпиондар Лигасында өте керемет өнер көрсетіп келеді. Бірінші кезеңде «Зениттің» қақпасына зілді үш гол салған Мануэль Пеллегрини шәкірттері бельгиялық «Андерлехт» командасының қақапасына да жауапсыз үш гол соқты. Испандық команда кездесудің алғашқы минуттарынан-ақ Силвио Прото  қорғаған қақпаны нысанаға алды. «Малага» кездесудегі есепті бірінші кезеңнің соңғы минутында ғана ашты. Голдың авторы – Элизеу. Екінші кезеңді Брюссельдік команда ширақ бастаған болатын. Дегенмен 57-минутта «Андерлехт» қорғаушысы өз алаңында Хоакинге қарсы ойын тәртібін бұзды. Кездесудің бас төрешісі Виктор Кашшаи  ойланбастан он бір метрлік айып нүктесін көрсетті. Бұл айып добын Хоакин өзі сәтті орындап, есепті 2:0-ге жеткізді. Ал матчтың 64-минутында Элизеу дубль авторы атанды. Қатарынан екі жеңіске жеткен «Малага» «С» тобында жеке-дара көш бастап келеді.  Ал екі кездесуде бір ғана ұпай жинаған «Андерлехт» командасы «С» тобының үшніші сатысына орналасты.

«Андерлехт» - «Малага» 0:3

Голдар: Элисеу, 45+1 (0:1). Хоакин, 57- пенальти (0:2). Элисеу, 64 (0:3). 

" Андерлехт ": Силвио Прото, Гийом Жийе,  Марцин Василевски, Брам Нейтинк,  Оливье Дешахт, Лукас Билья, Шейку Куяте, Массимо Бруно, Кану, Милан Йованович,  Дьедонне Мбокани

" Малага ": Вильфредо Кабальеро, Серхио Санчес, Мартин Демичелис, Велигтон, Монреаль, Мануэль Итурра, Игнасио Камачо, Хоакин, Иско, Элисеу, Хавьер Савиола

АРСЕНАЛ - ОЛИМПИАКОС

«В» тобының басты фавориті саналған лондондық «Аресенал» да кезекті жеңісіне жетті. Бұл жолы Арсен Венгер тәлімгерлері "Эмирейтс" стадионында грекиялық «Олимпиакос» командасын жеңді. Канонирлердің сапында Жервинью, Лукас Подольси, Аарон Рэмисе нәтижелі соққылармен көзге түссе, грекиялық команданың сапынан Вито Манноне қорғаған қақпаның саңылауын Костас Митроглу тапты. Екі кездесуде де жеңіске жеткен «Арсенал» командасы алты ұпаймен «В» тобының бірінші орнында келеді. Ал екі кездесуінде де жеңілістің кермек дәмін татқан грекиялық команда нөл ұпаймен «В» квартетінің соңғы орынында.  

"Арсенал" - "Олимпиакос" - 3:1  

Голдар: Жервиньо 42', Митроглу 45', Подольски 56', Рэмси 90+4'

"Арсенал":  Манноне, Дженкинсон, Вермален, Косиельни, Гиббс, Артета, Коклен, Окслед-Чемберлен (Уолкотт 71'), Касорла, Подольски (Рэмси 80'), Жервиньо (Жиру 80').

"Олимпиакос":  Медьери, Контрерас, Маниатис, Машаду (Пантелич 81'), Холебас, Манолас, Фустер, Сиовас, Диаките (Ибагаса 73'), Греко (Абдун 67'), Митроглу.

Ескерту алғандар:  Косиельни 29', Контрерас 62'.

МАНЧЕСТЕР СИТИ - БОРУССИЯ Д  

«Этихад» стадионына жиналған футболсүйер қауым кеше керемет футбол қойылымының куәгері болды. Қос  команда да жүз пайыздық гол соғатын бір емес, бірнеше мүмкіндіктер жасады. Дегенмен Джо Хартта Роман Вайденфеллер да өз қақпаларына бағытталған барлық соққыларға тосқауыл бола білді. Кездесудің бірінші кезеңі 0:0 есебімен тең аяқталы. Ал екінші таймның 61-минутында Марко Ройстың комегімен «Боруссия» командасы есепті ашқан болатын. Бірақ кездесудің аяқталуына бір ғана минут қалғанда, алаңға тыңнан шыққан Болотелли он бір метрлік айып добының арқасында таразы басын теңестіріп кетті.

"Манчестер Сити" - "Боруссия" - 1:1  

Голдар: Ройс 62', Балотелли 90' (пен) 

"МС": Харт, Клиши (Балотелли 81'), Компани, Насташич, Сабалета, Насри (Коларов 57'), Гарсия (Родуэлл 34'), Яя Туре, Силва, Джеко, Агуэро.

"Боруссия": Вайденфеллер, Суботич, Хуммельс (Сантана 74'), Пищчек, Шмельцер, Бендер, Гюндоган (Гросскройц 83'), Гетце (Кель 88'), Блащчиковски, Ройс, Левандовски.

Ескерту алғандар: Компани 28', Блащчиковски 58', Туре 85', Ройс 90+3'.

Сонымен қатар, кеше түнде Еуропа аумағында Чемпиондар Лигасы аясында тағы төрт кездесу өтті. Олег Блохин баптайтын киевтік «Динома» өз алаңдарында загребтік «Динамоны» 2:0 есебімен ұтты. Португалиялық «Порту»  кіл жұлдыздарды өз қатарына жинаған париждік «ПСЖ»-дан 1:0 есебімен басым түссе, «Шальке-04» пен «Монпелье» 2:2 есебімен тең тарқасты. Ал Санкт-Петербургтық «Зенит» өз алаңдарында «Миланнан» 2:3 есебімен жеңілді.   

Топтық кезең, 2-ші тур.

 

03.10

Динамо (Киев, Украина) - Динамо (Загреб, Хорватия) - 2:0

03.10

Порту (Португалия) - ПСЖ (Франция) - 1:0

03.10

Шальке-04 (Германия) - Монпелье (Франция) - 2:2

03.10

Зенит (Ресей) - Милан (Италия) - 2:3

 2-тур ойындарынан кейінгі әр топтағы жағдайлар төмендегідей:

 A тобы

 B тобы

 C тобы

 D тобы

ПОРТУ

АРСЕНАЛ

МИЛАН

РЕАЛ МАДРИД

ДИНАМО Киев

ШАЛЬКЕ-04

ЗЕНИТ

МАНЧЕСТЕР СИТИ

ПСЖ

ОЛИМПИАКОС

АНДЕРЛЕХТ

АЯКС

ДИНАМО Загреб

МОНПЕЛЬЕ

МАЛАГА

БОРУССИЯ Д

 E тобы

 F тобы

 G тобы

 H тобы

ЧЕЛСИ

БАВАРИЯ

БАРСЕЛОНА

МАН. ЮНАЙТЕД

ШАХТЕР

ВАЛЕНСИЯ

БЕНФИКА

БРАГА

ЮВЕНТУС

ЛИЛЛЬ

СПАРТАК

ГАЛАТАСАРАЙ

НОРДШЕЛЛАН

БАТЭ

СЕЛТИК

ЧФР

 Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: footballhd.ru

1279 3
Рейтинг: +2

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ
Қосылған күні: 04 қазан 2012, 13:17
Пікірлер
+0
04 қазан 2012, 14:07

қасымдағы балдар уже күнде ставка қойып жүр

+0
04 қазан 2012, 14:09

Уалихан өзіңіз қай команданың жанкүйерісіз?

+0
04 қазан 2012, 14:36

Һезеһ екен ))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...