Еуропа лигасының ең үздік 10 голы (видео)

Еуропа лигасының ең үздік 10 голы (видео)
Фото: YouTube

Еуропалық футбол қауымдастықтары Одағының (УЕФА) техникалық бақылау комитеті осы маусымның ең үздік голдарын анықтады. Бірінші орынға "Генк" ойыншысы Леон Бейлидің "Рапид" қақпасына соққан голы орналасқан.

Үздік голдарды анықтайтын техникалық бақылау комитетінде Кристиан Киву (Румыния), Стефан Маевски (Польша), Миксу Паателайнен (Финляндия), Алекс Фергюсон, Иоан Лупеску және Деян Станкович (УЕФА) қызмет жасайды.

Үздік 10 гол:

1. Леон Бейли ("Рапид" Вена - "Генк" 3:2) топтық кезең, 15.09.2016
2. Корентен Толиссо ("Лион" - "Рома" 4:2) 1/8 финалдың бірінші ойыны, 09.03.2017
3. Эдин Джеко ("Вильяреал" - "Рома" 0:4) 1/16 финалдың бірінші ойыны, 16.02.2017
4. Мусса Соу ("Фенербахче" - "МЮ" 2:1) топтық кезең, 03.11.2016
5. Федерико Бернардески ("Боруссия" Менхенгладбах - "Фиорентина" 0:1) 1/8 финалдың бірінші ойыны, 16.02.2017
6. Калифа Кулибали ("Коньяспор" - "Гент" 0:1) топтық кезең, 08.12.2016
7. Калифа Кулибали ("Гент" - "Брага" 2:2) топтық кезең, 24.11.2016

8. Беньят Эчебаррия ("Атлетик" - "Рапид" 1:0) топтық кезең, 29.09.2016
9. Кевин Фризенбихлер ("Астра" - "Аустрия" 2:3) топтық кезең, 15.09.2017

10. Александр Ляказетт ("Лион" - "Рома" 4:2) 1/8 финалдың бірінші ойыны, 09.03.2017

Айта кетейік, осы маусымдағы Еуропа лигасын ағылшынның "Манчестер Юнайтед" командасы жеңіп алды.

Ө. Сансызбай