Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингісінің 147-сатысына табан тіреді

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингісінің 147-сатысына табан тіреді

Қазақстан футбол құрамасы ФИФА-ның жаңартылған кестесінде 147-сатыға табан тіреді. Бұл туралы Қазақстан Футбол Федерациясының баспасөз қызметі хабарлайды.

Жаңартылған кестеде біздің құраманың қоржынында 178  ұпай бар. Дәл осынша ұпайды Филиппин құрамасы да еншілеген. Ұпайлары тең қос құрама бір сатыны, яғни 147 орынды бөліп тұр. Бұл айда сәтсіз өнер көрсетуіне байланысты аз ұпай жинаған Қазақстан құрамасы Тәжікстан, Никарагуа, Соломон аралы, Вьетнам, Белиз және Куба сынды елдерді алға жіберіп алды.

Айта кетейік, 2014 жылғы әлем біріншілігіне електеу сындары аясындағы Қазақстан құрамасы екі кездесуінде де жеңілді. Алдымен «Астана-Арена» стадионында Ирландия құрамасына 2:0 есебімен, сырт алаңда шведтерге 0:2 есебімен есе жіберді.

ФИФА кестесінің бірінші сатысында Испания құрамасы орналасқан. Екінші сатыда Германия құрамасы, ал үшінші болып Португалия құрамасы жайғасқан.
3 қазандағы ФИФА рейтингі:
1 (1). Испания - 1611 ұпай;
2 (2). Германия - 1459;
3 (4). Португалия - 1259;
4 (7). Аргентина - 1208;
5 (3). Англия - 1196;
6 (8). Голландия - 1141;
7 (5). Уругвай - 1140;
8 (6). Италия - 1106;
9 (22). Колумбия - 1102;
10 (11). Грекия - 1029;
...
12 (13). Ресей - 1014;
...
147 (142). Қазақстан - 178.

Дайдаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: vesti.kz

У. ҚОСАНБАЙ