Чемпиондар Лигасына шолу

Чемпиондар Лигасына шолу

«Спартак» екінші рет жеңілді. «Барселонаның» сенімді жеңісі. «Баварияның» сырт алаңда «БАТЭ»-ге сенсациялық түрде жеңілуі. Массагет.кз порталы кеше түнде Еуропа алаңдарында өткен Чемпиондар Лигасының топтық кезең аясындағы екінші кездесулеріне шолу жасамақ. 

 "СПАРТАК" - "СЕЛТИК" - 2:3. «Спартак» қатарынан екінші рет жеңілді

Чемпиондар Лигасының екінші кездесуінде Мәскеулік «Спартак» жеңіліске ұшырады. Бұл жолы испан маманы Унаи Эмери шәкірттері шотландиялық «Селтикке» есе жіберді. Жалпы кездесу барысында ресейлік команданың қорғаушылары өте сенімсіз ойнады. Ал команданың қақпашысы Песьяков өз қақпасын бір емес, бірнеше мәрте сақтағанымен, қорғаушылардың ұсқынсыз ойынының арқасында мәскеуліктер үш бірдей гол жіберіп алды. Оның үстіне Эмери командасының қорғаушысы Инсаурральде алаңнан қуылып, «Спартак» жағдайын мүлде нашарлатты... Бір ойыншы басымдылығына ие болған шотландиялық қонақтар матчтың соңғы минутында гол соғып, жеңісті жұлып әкетті.

Кездесудің үздік ойыншысы – Ари
Бұл кездесуде «Спартак» шабуылшысы дубль авторы атанды. Мәскеулік команданың барлық шабуылына дем беріп тұрды. Унаи Эмери командасының алаңдағы басты шабуылын ұйымдастырғандар негізінен -  Чельстрём мен Ари болды. Матч аяқталған соң мамандар кездесудің үздік ойыншысы ретінде Ариді атады.

"Спартак" - "Селтик" - 2:3 (1:1) 

Голда: Хупер 12' (0:1); Эменике 41' (1:1); Эменике 48' (2:1); Д. Комбаров 71' (2:2 - автогол); Самарас 90' (2:3).

"Спартак": Песьяков, Инсаурральде, Пареха, Д. Комбаров, Макеев, Чельстрем, Кариока, Де Зеув (Брызгалов 66'), МакГиди (Дзюба 76'), Ари (Козлов 87'), Эменике.

"Селтик": Форстер, Исагирре, Уилсон, Эмброуз, Малгрю (Ледли 80'), Лустиг, Ваньяма (Форрест 70'), Браун, Коммонс, Самарас, Хупер.

Ескерту алғандарМалгрю 22'; Ваньяма 30'.

Алаңнан қуылғандар: Инсаурральде 63'

"БЕНФИКА" – "БАРСЕЛОНА" – 0:2. Каталондықтардың кезекті жеңісі  

«Барселона» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің екінші кездесуінде жеңіске жетті. Тито Виланова командасы Португалияда «Бенфиканы» жеңді. Есеп 0:2. Кездесу бастала салысымен, Месси бастаған жігіттер допты өз бақылауларына алып, матчтың әр кезеңінде бір-бір голдан соқты. Дегенмен бұл кездесуде «Барсаның» көсіліп ойнамағаны да көрініп тұрды. Шамасы Каталондық команда алдағы жексенбіде өтетін «Реалмен» кезекті «Эль-Классикоға» ойша дайындалып жатқан шығар.  

Кездесудің үздік ойыншысы – Алексис Санчес.
«Барселонаның» чилилік шабуылшысы өте тамаша матч өткізді. Алексистің салған голы Тито Виланова шәкірттеріне кездесудегі бірінші гол болатын. Жалпылай алғанда соңғы уақыттарда «Барселона» сапының қосалқы құрамында қалып қойып жүрген шабулшы «Бенфикамен» өткен ойында өзінің мықты шабуылшы екенін тағы да дәлелдеді. 

"Бенфика" – "Барселона" – 0:2

Голдар: Санчес 6', Фабрегас 55'.

"Бенфика": Артур, Гарай, Жардел, М. Перейра, Сезар (Мартинш 46'), Гайтан (Нолито 75'), Матич, Перес (Аймар 60'), Мелгарежо, Сальвио, Лима.

"Барселона": Вальдес, Алвеш, Пуйоль (Сонг 78'), Альба, Маскерано, Фабрегас (Иньеста 72'), Бускетс, Хави, Педро (Вилья 82'), Месси, Санчес.

Ескерту алғандарФабрегас 19', Педро 28', Сезар 38', Мартинш 84', Матич 86', Жардел 89'.

Алаңнан қуылғандар: Бускетс 88

"ЮВЕНТУС" – "ШАХТЕР" – 1:1. «Ювентус» пен «Шахтер» Туринде тең тарқасты

Бұл кездесудің нәтижесіне «Шахтер» ойыншыларының көңілі толмайтын шығар. Өйткені, матч басталғаннан бастап, төрешінің соңғы ысқыры естілгенше, Украина чемпиондары шабуылдаумен өтті. Бірінші таймда кеншілер Алекс Тейшейраның көмегімен де есепті бірінші болып ашты. Дегенмен алаң иелері екі минуттан соң-ақ таразы басын теңестірді. Пирлоның бұрыштан асырған добына Бонуччи бірінші болып жетіп, Пятов қорғаған қақпаның саңылауын тапты. Екінші тайм барысында да румын маманы Мирчо Луческу баптайтын жігіттер Буффон қақпасын бірнеше мәрте тура нысынаға алып көрді. Алайда 2010 жылғы әлемнің үздік қақпашысы атағына ие болған «Джиджи» өз қақпасын аман сақтап қала білді.

Кездесудің үздік ойыншысы - Андреа Пирло
Жалпы бұл кездеуде қонақтар жиі шабуылдағанымен, Пирло бастаған «Ювентус» жартылайқорғаушылар өз жұмыстарын жақсы атқара білді. Қарымта голды да туриндік команда Андреаның керемет пасы арқылы салған болатын.

ГолдарБонуччи 25' - Тейшейра 23'.
"Ювентус": Буффон, Кьеллини, Барцальи, Бонуччи, Лихиштайнер, Маркизио, Пирло, Асамоа, Видаль (Погба 84'), Вучинич (Джовинко 58'), Матри (Квальярелла 65')

"Шахтер": Пятов, Срна, Кучер, Ракицкий, Рац, Хюбшман, Фернандиньо, Виллиан, Тейшейра (Илсиньо 83'), Мхитарян, Луис Адриано

 Ескерту алғандар: Лихтштайнер 43', Кьеллини 72' - Хюбшман 76', Илсиньо 90+1'

Сонымен қатар, кеше кешкісін Қартамыс құрлықта Чемпиондар Лигасының аясында тағы да төрт кездесу өтті. «БАТЭ» өз алаңында сенсация жасап, азулы мюнхендік «Баварияны» 3-1 есебімен ұтты. «Манчестер Юнайтед» Робин ван Персидің дублі арқасында Румыния жерінде «ЧФР» командасынан 1-2 есебімен басым түсті. Ағылшын біріншілігінің көшін бастап келе жатқан лондондық «Челси» да сырт алаңда норвегиялық «Нордшеллан» командасын 0-4 есебімен ұтты. Португалиялық «Брага» мен испаниялық «Валенсия», «Галатасарай» мен «Лилльден» 2-0 есебімен басым түсті.

Ювентус (Италия) - Шахтер (Украина) - 1:1

Нордшеллан (Дания) - Челси (Англия) - 0:4

Валенсия (Испания) - Лилль (Франция) - 2:0

БАТЭ (Беларусь) - Бавария (Германия) - 3:1

Спартак (М, Россия) - Селтик (Шотландия) - 2:3

Бенфика (Португалия) - Барселона (Испания) - 0:2

ЧФР (Румыния) - Манчестер Юнайтед (Англия) - 1:2

Галатасарай (Турция) - Брага (Португалия) - 0:2

 Бүгін Еуропа алаңдарында келесі кездесулер өтеді:

Динамо (Киев, Украина) - Динамо (Загреб, Хорватия)

Порту (Португалия) - ПСЖ (Франция)

Арсенал (Англия) - Олимпиакос (Греция)

Шальке-04 (Германия) - Монпелье (Франция)

Зенит (Россия) - Милан (Италия)

Андерлехт (Бельгия) - Малага (Испания)

Манчестер Сити (Англия) - Боруссия (Д, Германия)

Аякс (Голландия) - Реал (Мадрид, Испания)

 Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: www.sport-express.ua

У. ҚОСАНБАЙ