Қытайлық қарсыласын бір соққымен сұлатқан қазақ боксшысы (видео)

Қытайлық қарсыласын бір соққымен сұлатқан қазақ боксшысы (видео)
Фото: vk.com (Astana Arlans)

"Astana Arlans" боксшысы Арман Рысбек 22 сәуір күні команданың топтағы соңғы кездесуінде қытайлық қарсыласы Лид Ванды бірінші раундта-ақ нокаутпен жеңді. Отандасымыздың жойқын соққысынан кейін қарсыласы бірден ес жия алған жоқ.

Арман Рысбек "Astana Arlans" сапында 81 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасып жүр. Осыған дейін WSB жобасы аясында 4 жекпе-жек өткізді. Барлығында жеңіске жетіп келеді.

Арман 1990 жылы дүниеге келген. 2015 жылы ҚР Спартакиадасында жеңімпаз атанған. Сондай-ақ Ғалым Жарылғапов атындағы халықаралық турнирдің күміс жүлдегері. 

Ө. Сансызбай