Роналду еурокубоктағы 100-голын соқты

Роналду еурокубоктағы 100-голын соқты
Фото: vk.com

Мадридтік "Реалдың" үздік сұрмергені Криштиану Роналду еурокубок ойындарындағы 100-голын соқты. Оның 16-сын "Манчестер Юнайтед" клубында ойнап жүргенде соққан.

Криштиану Роналдудың "Бавария" қақпасына соққан екінші голы еурокубоктағы 100-голы болды. Футболшы Чемпиондар лигасында – 97 гол, УЕФА Суперкубогында – 2 гол, Чемпиондар лигасына іріктеу кезеңінде 1 гол соққан. Роналду 100 голды 135 ойында соқты.

Португалдық шабуылшы еурокубок ойындарында 100 гол соққан алғашқы футболшы атанып отыр. Осыған дейін мұндай жетістікті бірде-бір футболшы бағындырмаған. Роналдуды өкшелеп Лионель Месси келеді. Ол еурокубок ойындарында 97 гол соққан.

Еурокубок ойындарының ең үздік сұрмергендері:

1. Криштиану Роналду – 100 гол
2. Лионель Месси – 97 гол
3. Рауль – 76 гол
4. Филиппо Индзаги – 70 гол
57 Герд Мюллер – 69 гол

Ө. Сансызбай