"Қайрат" - Қазақстандағы құрамы ең қымбат клуб

"Қайрат" - Қазақстандағы құрамы ең қымбат клуб
Фото: fckairat.kz

Алматының "Қайрат" футбол клубы құрамындағы ойыншылардың құны бойынша Қазақстандағы ең қымбат клубтардың көшін бастады. Бұл туралы vesti.kz сайтының қазақ бөлімі хабарлап отыр.

Немістің "Transfermarkt" басылымының мәліметі бойынша, алматылық ұжымның құрамы 20,58 миллион еуроға бағаланып отыр. Екінші орында елордалық "Астана" орналасқан. Өткен маусымда ел чемпионы атанып, Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнаған команданың жалпы құны 18,9 миллион еуроға бағаланып отыр. Құрамы бойынша ең қымбат клубтардың үштігін Шымкенттің "Ордабасы" клубы (11,4 миллион еуро) түйіндеп тұр.

Құрамы ең қымбат клубтар тізімі:

1. "Кайрат" — 20,58 миллион еуро
2. "Астана" — 18,9 миллион еуро
3. "Ордабасы" — 11,4 миллион еуро
4. "Ақтөбе" — 10,9 миллион еуро
5. "Тобыл" — 9,85 миллион еуро
6. "Ертіс" — 7,95 миллион еуро
7. "Атырау" — 7,15 миллион еуро
8. "Тараз" — 6,08 миллион еуро
9. "Қайсар" — 5,88 миллион еуро
10. "Шахтер" — 5,7 миллион еуро
11. "Оқжетпес" — 5,35 миллион еуро
12. "Ақжайық" — 4,88 миллион еуро.

Айта кетейік, кеше ел премьер-лигасындағы трансфер кезеңінің уақыты аяқталған болатын. 

Ө. Сансызбай