"Қайрат" футбол клубы жеке ұшақ сатып алмақ

"Қайрат" футбол клубы жеке ұшақ сатып алмақ
Фото: YouTube

Алматының "Қайрат" футбол клубы жеке ұшақпен ұшу мәселесін қарастыруда,– деп хабарлайды "KazFootball.kz" тілшісі.

Әуе кемесі команданың ойыншыларын, жаттықтырушылар құрамы мен ұйымдастырушы мамандарды тасымалдамақ. Ал ұшақтың сыртына клубтың танымбелгісі, үздік ойыншыларының суреті мен демеушілерінің жарнамасы салынатын болады.

Ұшақ "Қайрат" командасын ғана тасымалдап қоймай, ұлттық құраманы да ресми және жолдастық кездесулерге алып баруы жоспарланып отыр екен.

О. Сансызбай