"Барселона" келер маусымда спорттық жейдесінің дизайнын өзгертеді

"Барселона" келер маусымда спорттық жейдесінің дизайнын өзгертеді
Фото: en.as.com

"Барселона" футбол клубы келер маусымда спорттық киімдерінің дизайнын өзгертеді. Бұл туралы "footyheadlines.com" басылымы хабарлады.

Каталондық клубтың 2017/2018 жылғы маусымдағы спорттық киімдерін танымал "Nike" компаниясы дайындайды. Осыған дейін де осы компания дайындап келген болатын. Тек алдағы маусымнан бастап команданың ресми демеушісі ауысады. Бұл туралы бұған дейінде хабарланған еді.

Бүгінде "Барселонаның" жейдесіндегі бас демеуші - "Qatar Airways". Алдағы маусымнан бастап команда жейдесінің алдына "Rakuten" интернет-компаниясының аты жазылатын болады. Жапон компаниясы бұл демеушілік үшін клубқа жылына 55 миллион евро төлейді. Қос тарап төртжылдық келісімшартқа қол қойған.

"Rakuten" – әлемдегі ең үздік ондыққа кіретін интернет-компаниялардың бірі. Оның buy.com (Amazon мен eBay-ге негізгі бәсекелес) және play.com (Ұлыбритания) интернет порталдары бар. Компания 2014 жылы "Viber" мобилді мессенджерін қолданысқа шығарған.  

Ө. Сансызбай