Футболшылар қызыл қағазды не үшін алады? (Видео)

Футболшылар қызыл қағазды не үшін алады? (Видео)
Фото: m.kenhthethao.vn

Тоқсан минутқа созылатын футбол ойынының ең қызықты сәттері тек қана гол соғудан тұрмайды. Әрбір ойыншының жасыл алаңдағы эмоциясы мен әрекеті де жанкүйерлерді одан сайын қызықтырып жібереді. Жеңілген команданың ашуға берілетіні спорттың барлық түрінде кездеседі десек, қателеспейміз. Мұндайда санаулы секундтардың өзі үлкен рөл атқарады. 

Футболда тәртіп бұзған ойыншыға берілетін сары және қызыл түсті карточкалар әрбір ойында әрқалай көрсетіліп тұрады. Мысалы, техникамен әрі байсалды ойнайтын құрамалар кездессе екі немесе үш сары қағаз көрініп, қызылы қалтадан шықпай жатады. Ал қызуқанды ойыншылары бар командалардың мұндайда жағдайы тым ауыр. "Таз ашуын тырнадан алады" демекші, жан-дүниесінде болып жатқан оқиғаны сыртқа шығарудың бір ғана жолы қарсыластың жолын бөгеу немесе айламен тоқтату болып есептеледі. Бүгін біз назарларыңызға ойын ережесіне сай келмейтін дүниелер үшін жазаланған ойыншылардың қызықты әрекеттерін ұсынамыз. Аталған бейнероликтен атақты Ван Перси сынды сұрмергенді де көзіңіз шалып қалады. 

B. ZHAQSYMBET