Әлемдегі ең қауіпті 6 сүйікті іс

Әлемдегі ең қауіпті 6 сүйікті іс
Фото: t10p.ru

Әрбір адамның айналысатын сүйікті ісі (хобби) бар. Ол кітап оқу, жүзу, жүгіру, жалпы шығармашылықпен айналысу сынды түрлі бағытта болуы мүмкін. Әркімнің мүмкіншігілі мен қызығушылығына қарай қалыптасады. Дегенмен әлемде сіз бен бізге айналысуға болатын бірақ өте қауіпті деп саналатын сүйікті істеріміздің түрі де бар. Біліп жүріңіз, өйткені сіздің өмір сіздің қолда. 
Дельтапланеризм 
Бұл қазіргі кезде аса бір құнды іс болмаса да адамдар өз өмірлерін қатерге тігуден бас тартқан емес. Бұл спорт түрімен шұғылданған адамдардың арасындағы өлім жиілігі 116 000 ұшу тәжірибесінде біреуі болады. Жылына орташа есеппен 7-8 адам қаза табады. 
Толқын бетінде серфинг жасау 
Адамдар арасындағы ең қауіпті және ең сүйікті істердің бірі. Спорт түрі ретінде арнайы тіркелмеген. Себебі биіктігі 6-15 метрге дейін баратын алып толқындар, көктен құлаған кезде тонналаған салмақпен түседі. Ал бұл сіздің өміріңіздің кепілі бола алмайды. Орташа есеппен жылына 10 адам осы спорт түрінен қаза болады. 
Парашютпен секіру 
Бұл спорт түрімен, бұл сүйікті іспен бүгінде айналысатын және шұғылданатындар көп. Дегенмен олар бұл хоббиге өмірлерін бәске тіге отырып барады. Себебі бұл сүйікті іспен шұғылдану барысында жылына 26 адам өмірімен қоштасады. 
Тауға өрмелеу 
Жартастарға, шыңдарға өрмелеу – ең қауіпті сүйікті істердің бірі. Себебі сізді сақтандырып тұрған арқанның сіздің өміріңізге деген кепілдігі жоқ. Сондықтан болар жылына 25 адам осы іспен шұғылданамын деп мертігіп жатады. 
Бэйс-джампинг 
Қазақша баламасын алар болсақ «қанатын жазып ұшу». Яғни биік құздардан, биіктерден, жартастардан ешқандай сақтандыру құралынсыз, арнайы киім түрімен ғана секіру – үлкен қауіп. Әрбір 2137 секірудің бір сәті сіздің ажалыңызға себепкер бола алады. 
Су астында жүзу 
Әлемде бұл сүйікті іспен айналысатындардың қатары көп. Әсіресе байлар демалыс кезінде мұхит немесе теңізге саяхатқа шығады. Олар тиым салынған аймақта немесе судың ең терең жеріне түсіп, су астын қызықтайды. Бірақ бұл өте қауіпті. Бүкіл дүниені есептемеген күннің өзінде АҚШ-тың өзінде 150 адам жылына ажал құшады. 

Сақтансаңыз, сақтайды!

М. Ақан