Роналду тәртіп сақшыларының көзінше жол ережесін бұзды (видео)

Роналду тәртіп сақшыларының көзінше жол ережесін бұзды (видео)
Фото: Newsroom24bd

Мадридтік «Реалдың» үздік сұрмергені Криштиану Роналду «Лас-Пальмас» командасымен өткен ойыннан кейін жол ережесін бұзып, жұрт назарына ілікті. Футболшы бағдаршамның қызыл түсіне қарамай көлік қозғалысын жалғастырған. Ал жақын маңдағы тәртіп сақшылары аңғармай қалған.

Айта кетейік, «Реал» мен «Лас-Пальмас» арасындағы ойын 3:3 есебімен аяқталған болатын. Ойында Криштиану Роналду екі гол соққан еді. 

Ө. Сансызбай