Роналду рекорд жаңартты

Роналду рекорд жаңартты
Фото: eurosport.ru

"Реал" футбол клубының португалдық шабылшысы Криштиану Роналду Испания чемпионатында соққан пенальтилер саны бойынша рекорд жаңартты. Ол түнде өткен "Вильярреалға" қарсы ойында пенальти нәтижесі бойынша ла лигадағы 57 голын соқты.

Роналду "Реал" сапына 2009 жылы ағылшындық "Манчестер Юнайтед" командасынан ауысып келді. Одан бергі аралықта Испания ла лигасында 64 рет пенальти тепкен. Оның 57-де гол соғып, рекорд жаңартып отыр. Осыған дейінгі рекорд мексикалық футболшы Уго Санчестің еншісінде болатын.

Португалдық шабуылшы спорттық мансабында 71 рет пенальтиді сәтті орындап, гол соққан.

Испания чемпионатында пенальтиден ең көп гол соққан 5 футболшы:

1. Криштиану Роналду — 57
2. Уго Санчес — 56
3. Рональд Куман — 46
4-5. Лионель Месси – 43
4-5.  Любослав Пенев —43

Ө. Сансызбай