Қанаттың қолтаңбасы бар бокс қолғабының жеңімпазы анықталды

Қанаттың қолтаңбасы бар бокс қолғабының жеңімпазы анықталды
Фото: massaget.kz

Кеше Қанат Исламның қолтаңбасы бар бокс қолғабына бәйге жариялаған болатынбыз. Бүгін таңда өткен бокс жекпе-жегінен кейін бәйге жеңімпазы анықталды.

Қанат Исламның қолтаңбасы қойылған бокс қолғабын Асылбек Күдеров есімді оқырманымыз жеңіп алды. Ол 5 сұраққа дұрыс жауап беріп, жекпе-жекке дәл болжам жасай білді. Өзге де қатысушылар арасында сұрақтарға дұрыс жауап бергендер көп болды. Тек жекпе-жекке болжам жасауда мүлт кеткендері болмаса.

Олай болса 5 сұрақтың жауабын назарларыңызға ұсына кетейік.

1. Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін қай елдің боксшысына қарсы өткізді?

Қазақ боксшысы кәсіпқой бокстағы жолын 2012 жылы бастады. 28 қыркүйек күні Доминикан Республикасында жергілікті боксшы Дэниель Веатомен жұдырықтасып, үшінші раундта жеңіске жетті.

2. Қанат Ислам 2016 жылы қанша жекпе-жек өткізді?

«Қазақ» 2016 жылы екі жекпе-жек өткізді. Мамырда Хуан де Анхельді, одан кейін күзде Алматыда Патрик Аллотейді ұтты.

3. Қанат Қытай елінің атынан шаршы алаңға шығып жүргенде қандай есіммен (қытай тілінің дыбысталуына байланысты) танылды?

Қанат Қытай елінің атынан шаршы алаңға шығып жүргенде Канати Силаму (Hā nà tí · sī lā mù) есімімен танылды; 

4. Боксшы кәсіпқой бокстағы жекпе-жектерінде ең көп рет қай раундта жеңіске жеткен?

Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы ең көп жекпе-жегін (11 жекпе-жек) Доминикан Республикасында өткізген.

5. Боксшы кәсіпқой бокстағы жекпе-жектерінде ең көп рет қай раундта жеңіске жеткен?

Қанат қарсыласын жылдам ұтуға тырысатын, бірден ширақ шабуылға шығатын боксшы. Ең көп рет (7 рет) бірінші раундта жеңіске жеткен.

Айта кетейік, бүгін Қанат Ислам бразилиялық Робсон Ассисті бірінші раундта-ақ нокаутпен ұтты. Жекпе-жек болжамын Асылбек Күдеров дәл тапты. Жеңімпазды құттықтаймыз! Өзге де қатысушыларға зор алғысымызды білдіреміз. Жеңісті күндеріңіз көп болсын!

Ө. Сансызбай