Жанар Дұғалова Қанат Исламның бокс кешінде ән шырқады (видео)

Жанар Дұғалова Қанат Исламның бокс кешінде ән шырқады (видео)
Фото: facebook.com

Қазақстандық әнші Жанар Дұғалова кәсіпқой боксшы Қанат Исламның АҚШ-та өткен жекпе-жегіне арнайы барып, шаршы алаңда «Ризамын» әнін шырқады. Эстрада жұлдызының бұл кеште ән айтатыны осыдан бірнеше апта бұрын белгілі болған еді.

Айта кетейік, АҚШ-тың Уилмингтон қаласында өткен бокс кешінде отандасымыз бразилиялық боксшы Робсон Ассисті бірінші раундта-ақ нокаутпен ұтқан еді.

Ө. Сансызбай