Жанат Жақиянов чемпион атанған кеште жанкүйерлер жаппай төбелесті (видео)

Жанат Жақиянов чемпион атанған кеште жанкүйерлер жаппай төбелесті (видео)
Фото: Premier Boxing Champions

11 ақпан күні қазақ кәсіпқой боксшысы Жанат Жақиянов жеңіл салмақта WBA (Super) және IBO чемпиондық атақтарын жеңіп алды. Отандасымыз чемпиондық атақ бәске тігілген жекпе-жекте америкалық Роуши Уорренді ұтты.

Толедода (АҚШ, Огайо штаты) өткен бокс кешінде жұдырықтасу шаршы алаңда ғана емес, жанкүйерлер арасында да орын алды. Бокс кешінен кейінгі төбелестен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Айта кетейік, Жанат Жақиянов жекпе-жекке WBA жүйесі бойынша уақытша чемпиондық атақпен шыққан еді. Ол кәсіпқой бокста 28 жекпе-жек өткізген. 26 мәрте қарсыласынан басым түссе, біреуінде ғана есе жіберген. Отандасымыз бір жыл бойы жарақатына байланысты жекпе-жек өткізе алмаған болатын.

Ө. Сансызбай