Абзалдан алтын күткендер аз болмады

Абзалдан алтын күткендер аз болмады
Фото: massaget.kz

Алматыда өтіп жатқан ХХVIII қысқы Универсиада ойындарының аяқталуына да аз ғана уақыт қалды. Соңғы жүлделер сарапқа салынып жатқан жарыста  шорт-трек бойынша отандастарымыз Абзал Әжғалиев пен Денис Никиша күміс және қола медальдің иесі атанды. 500 метр қашықтықтағы ерлер арасындағы жарыста корей спортшысы Ким Йон До жеңімпаз болды. Ерлер арасындағы сайыстан қызықты фотоларды назарларыңызға ұсынамыз. 

Біздің жігіттің тамаша мүмкіндігі барын бұл қазы да жақсылап байқаған. Алайда, финалдық кезеңде Абзалдың соңғы 5 қатарда тұруы мен оның күміс алғанына мына төреші де қапаланып тұр.

Әрбір жарысты бастайтын дабыл қаққыш төрешінің қолында. Шүріппені басуға дайындалып тұрған қазы да финалдық ойынды қимай бастады. 

Ел намысын қорғауға шыққан Жұмағалиев Нұрберген жартылай финалда екінші орынға иелік етіп келесі турға өтуге мүмкіндік алған. Алайда, төрешілердің шешімі бойынша спортшымыз ақтық мәреге қатыспайтын болып табылған екен. Көңілі жабырқаған жігіттің болашағы зор екендігіне ойын көруге келген жанкүйерлер шүбә келтірмеді. 

Телеоператордың керемет қиялының арқасында ойыншық сұңқар тікелей эфир жүргізді. Барлығын керемет ойластырған маманға бұлай жасауға ешкім шектеу қоймаған. Алаң жиегінен көрген барлық жанкүйер бұл жігіттің шынымен де мамандығын қатты жақсы көретінін көріп, шапалақты аямады. 

Барлық кезеңде топ жарған Абзалдың алтын алатынына ешкімнің күмәні болмады. Қарсыластарын едәуір қашықтыққа тастап кететін жігіттің құйындай зулаған жылдамдығына жұрт таңырқап жатты. 

Финалдың алғашқы айналымы басталғаннан-ақ біздің Денис Никиша мен корей спортшысы мұзда сырғанай құлады. Бес жігіттің бәсекелестігі соңына дейін аяқталмады. Орындарынан тұрып қайтадан жарыс жолына түскен жігіттер жарыстың 5 айналымын да сәтті өтті. Бірінші орынды корей спортшысы, екінші орында қытай спортшысы, үшінші орынды Абзал Әжғалиев иеленгенімен, төрешілер қытайлықтың тәртіп бұзғанын анықтап алған орнын есепке алмады. Соның нәтижесінде біздің қос спортшы екінші және үшінші орынды жеңіп алды. Осындай керемет ойынннан кейін қазіргі таңда еліміздің қоржынында 10 алтын, 6 күміс, 11 қола медаль бар.

B. ZHAQSYMBET