Месси туған күнінде үйлену тойын жасамақ

Месси туған күнінде үйлену тойын жасамақ
Фото: sportas.lrytas.lt
Әлем таныған әйгілі футболшы Лионель Месси үйлену тойын жасайтын уақытты белгіледі. Бұл туралы "Чемпионат.сом" хабарлады.

"Барселона" клубының көшбасшысы 30 жасқа толған туған күнінде үйлену тойын жасамақ. Футболшы азаматтық некедегі сыңары Антонелла Рокуццоға үйленеді. Үйлену тойы туған қалалары Росариода өтеді деп күтілуде. Атаулы мерекелеріне 700-ге жуық қонақ шақыруды да жоспарлап отыр екен.

Айта кетейік, Месси мен Антонелла бүгінде екі ұл тәрбиелеп отыр. Қазіргі таңда Тьяго – 5 жаста, Матео – 2 жаста.
Ө. Сансызбай