Универсиада нышандары туралы не білеміз?

Универсиада нышандары туралы не білеміз?
Фото: mob-krg.gov.kz

Бүгін Универсиада ойындарының басталуына тұп-тура 50 күн қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Осы орайда оқырмандарымызға Универсиада рәміздері туралы қысқаша ақпарат беруді жөн санадық. Универсиада рәміздері: 2017 жылғы Алматыда өтетін Универсиада ойындарының ұраны - «Қанатыңды кең серпі!». Бұл  ұран жас спортшыларды жеңіске жігерлендіріп, ересектер спортының шыңына шығуға таңдалып алынған.

Универсиаданың кез келген логотипінде FISU-дың қамқорлығымен өтетін кез келген спорттық шараның фирмалық символикасының міндетті элементі болып табылатын U латын әрпінің бейнесі болу керек. Қысқы Универсиада-2017 логотипі стильденген қанаттар түрінде бейнеленген және анық көрсетілген серпінді пішіні бар: солдан оңға қарай жоғары. Ол дамудың, сондай-ақ шыңдарға жетудің белгісі. Универсиада алауы:

Қысқы Универсиада-2017-нің бойтұмары болып жылдамдық пен көкке асқақтауды, жеңілдікті, қуатты және жеңіске құштарлықты - нағыз жас спортшыларға тән қасиеттерді бейнелейтін қазақ даласының ежелгі ерікті және қайратты мекендеушісі жас Сұңқар таңдалды.

Универсиаданың марапат медальдары классикалық стильде алтын, күміс және қолаға ұқсайтын металл қорытпасынан жасалған. Ол қазақстан Теңге сарайында шеку тәсілімен, түрлі-түсті эмаль қолданып дайындалған. Муар лентасына Универсиаданың логотипі қондырылған. Медальдің бет жағында FISU-дің (Халықаралық студенттік спорт федерациясы) логотипі Ойындардың атауы және өтетін орны бейнеленген. Сырт жағында - Универсиаданың логотипі бейнеленген.

Дереккөз: KazInform

Ж. Жұмағұлов