ФИФА Пушкаш сыйлығына үміткер ондықты жариялады

ФИФА Пушкаш сыйлығына үміткер ондықты жариялады
Фото: fifa.com

Халықаралық футбол қауымдастықтары одағы (ФИФА) 2016 жылғы Пушкаш сыйлығына үміткер 10 голды жариялады. Бұл марапат асқан шеберлікпен ең әдемі соғылған гол иесіне табысталады.

Пушкаш сыйлығы 2009 жылдан бері табысталып келеді. Танымал сыйлықтың атауы 1950 жылдары Венгрия ұлттық құрамасының капитаны болған Ференц Пушкаш құрметіне берілген. 

Олай болса биылғы Пушкаш сыйлығына үміткер 10 голмен таныс бола отырыңыздар. Дауыс беру ФИФА-ның ресми сайтында жүргізіледі. 

Лионель Месси (Америка кубогының жартылай финалында АҚШ құрамасының қақпасына соққан голы)

Неймар (Испания ла лигасында "Вильярреал" қақпасына соққан голы)

Хал Робсон-Калу (Еуропа чемпионатының ширек финалында Бельгия құрамасының қақпасына соққан голы)

Сауль Ньигес (Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы "Бавария" қақпасына соққан голы)

Марио Гаспар ( Жолдастық кездесуде Англия құрамасының қақпасына соққан голы)

Хломфо Кекан ( Африка ұлттары кубогында Камерун құрамасының қақпасына соққан голы)

Марлоне (Либертадорес кубогында "Кобресаль" командасына соққан голы)

Данюшка Родригес ( 17 жасқа дейінгі Оңтүстік Америка кубогындаКолумбия құрамасының қақпасына соққан голы)

Симон Скрабб (Швеция чемпионатында "Отвибагер" командасының қақпасына соққан голы)

Мохда Фаиз Субри ( Малайзия чемпионатында "Паханг" командасының қақпасына соққан голы)

2016 жылғы Пушкаш сыйлығының жеңімпазы 2017 жылдың 9 қаңтарында Цюрих қаласында анықталады. 

Ө. Сансызбай