Чемпиондар лигасында ең үздік сэйв жасаған қақпашылар (видео)

Чемпиондар лигасында ең үздік сэйв жасаған қақпашылар (видео)
Фото: eurosport.ru

Чемпиондар лигасы – футболдағы ең танымал жарыстардың бірі. Бұл доданы әлемдегі миллиардтаған спортсүйер қауым асыға күтеді. Чемпиондар лигасында доп тепкен ойыншы спорт сарапшыларының назарынан тыс қалмайтыны анық.

Бүгін назарларыңызға Чемпиондар лигасы тарихында ең үздік сэйв жасаған қақпашылардың өнерін ұсынамыз.

Сондай-ақ Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі төртінші ойындар өтеді. «А», «В», «С» және «D» топтарындағы командалар жарыс жолына шығады.

Қазақстандық жанкүйерлер «ОҢ-ТВ» арнасынан бүгін «Е» тобындағы «Бешикташ» - «Наполи» ойынын тікелей эфирде (23:30) тамашалай алады. Сондай-ақ арна сағат түнгі 00:45-те «Манчестер Сити» мен «Барселона» арасындағы кездесуді ұсынатын болады. Олай болса, назарларыңызға бүгінгі ойындар кестесін ұсынамыз.

«А» тобы

«Лудогорец» (Болгария) - «Арсенал» (Англия)
«Базель» (Швейцария) - ПСЖ (Франция)

«B» тобы

«Бешикташ» (Түркия) - «Наполи» (Италия)
«Бенфика» (Португалия) - «Динамо» (Киев, Украина)

«C» тобы

«Манчестер Сити» (Англия) - «Барселона» (Испания)
«Боруссия» (Менхенгладбах, Германия) - «Селтик» (Шотландия)

«D» тобы  

«Атлетико» (Испания) - «Ростов» (Ресей)
«ПСВ» (Нидерланд) - «Бавария» (Германия)

Ө. Сансызбай