Қанат, Жанқош пен Жәнібектің қарсыластары сес көрсетпек болды (видео)

Қанат, Жанқош пен Жәнібектің қарсыластары сес көрсетпек болды (видео)
Фото: massaget.kz

29 қазан күні Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтетінін осыған дейін хабарлаған болатынбыз. Бүгін боксшылар салмақ өлшеу рәсімінен өтті.

Салмақ өлшеу барысында Қанат Ислам, Жанқош Тұраров пен Жәнібек Әлімханұлының қарсыластары отандастарымызға сес көрсетпек болды. Оғаш мінез танытып, қазақстандық боксшыларды кеуделерінен кері қақты. Бұл олардың жекпе-жек алдындағы психологиялық шабуылы болса керек-ті. Десе де қазақстандық боксшылар сабырлы қалпын сақтап, барлығын жекпе-жекте қайтаратын мінез танытты. Төмендегі видеолардан салмақ өлшеу рәсімінде орын алған қақтығыстарды көре отырыңыздар.

Жанқош Тұраров - Айсак Арие

Жәнібек Әлімханұлы - Милтон Нуньес

Қанат Ислам - Патрик Аллотей

Ө. Сансызбай