"КПР" мен "Челси" қол алысуға байланысты келіссөздер жүргізуде

"КПР" мен "Челси" қол алысуға байланысты келіссөздер жүргізуде

"Куинз Парк Рейнджерс" пен "Челси" клубтарының жетекшілері алдағы сенбі күні Премьер-лига аясында "Лофтус Роадта" өтетін кездесуде ойыншылардың қол алысуына байланысты келіссөздер жүргізуде. 

КПР қорғаушысы Антон Фердинандтың "Челси" капитаны Джон Терриге дұшпандық қалыбы алдағы ойында футболшылардың бір-бірімен қол алысудан бас тартуларына әкелуіне әбден мүмкін. 

Айтса да оқиға желісі мынадай болуы да ықтимал: КПР ойыншылары түгелдей Антонды қолдап, қол созған Терриді ғана емес, сондай-ақ, өткен жылғы сотта Джонның ақталуына байланысты сөз сөйлеген Эшли Коулды да елемеуі мүмкін. 

Сонымен қатар, тағы бір нюанс бар, соңғы кездері Фердинадты да Терриді де Коулды да жарақаттары мазалап жүр. Сондықтан қандайда бір жағымсыз тосын сыйдан аулақ болу үшін екі клубтың басшылары ойыншыларының тәртіптерін талқылауда. 

Sky Sports-тың хабарлауынша, Премьер-Лига және FA басшылығы өткен маусымда "Челси" мен КПР" арасында өткен матчтағыдай қол алыспауға қарсылықтарын білдіруде. Нақты шешім жұма күні жарияланады деп күтілуде. 


Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: faeri.ru

Ж. FM