Тавамбаның голы ағылшындарды таңдандырды

Тавамбаның голы ағылшындарды таңдандырды
Фото: vk.com

Алматылық «Қайрат» футбол клубының ойыншысы Леандро Тавамбаның ХІІІ турда Оралдың «Ақжайық» клубына соққан голы ағылшындарды таңдандырды. Тіпті «Mirror» басылымы «Пушкаш сыйлығына» үміткер голдар тізіміне енуі мүмкін деп жазды.

Басылым бұрынғы «Арсенал» ойыншысы Андрей Аршавиннің нәтижелі пасын тілге тиек ете келе Леандре Тавамбаның ерекше голын сипаттаған. Ал оған дейін әзілі аралас ақпаратты «Қазақстан премьер-лигасында сапа жоқ деп кім айтты?» деген сөйлемнен бастаған.

- Оралдың «Ақжайығына» қарсы аса тартысты өткен драмалық ойында бұрынғы «Арсенал» ойыншысы нәтижелі пас беріп, Леандро Тавамба өкшесімен тамаша гол соқты. Бұл голды 2016 жылғы «Пушкаш сыйлығына» үміткерлер қатарынан көріп қалуларыңыз мүмкін, - деп жазған.

Айта кетейік, жылдың үздік голына табысталатын «Пушкаш сыйлығы» 2009 жылдан бері беріліп келеді. Танымал сыйлықтың атауы 1950 жылдары Венгрия ұлттық құрамасының капитаны болған Ференц Пушкаш құрметіне берілген.

Ө. Сансызбай