УЕФА Чемпиондар лигасының үздік құрамын жариялады

УЕФА Чемпиондар лигасының үздік құрамын жариялады
Фото: uefa.com

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) 2015/2016 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының ең үздік ойыншыларын анықтады. Ең үздік құрамға 18 футболшы енген.

Маусымның үздік ойыншыларын УЕФА-ның Алекс Фергюсон, Саво Милошевич, Дэвид Мойес және Мирча Луческу бастаған сарапшылар тобы анықтаған. Үздіктер қатарына финалға шыққан мадридтік «Реал» мен «Атлетикодан» алты-алты футболшыдан енген. Каталондық «Барселонадан» - 3, мюнхендік «Бавариядан» - 2, париждік «ПСЖ»-дан Тиаго Сильва ғана үздік деп танылып отыр.

Маусымның үздік құрамы:

Қақпашылар- Ян Облак («Атлетико»), Мануэль Нойер («Бавария»);

ҚорғаушыларДиего Годин, Хуанфран (екеуі де - «Атлетико»), Тиаго Силва («ПСЖ»), Серхио Рамос, Марсело (екеуі де - «Реал»);

Жартылай қорғаушылар: Габи, Коке (екеуі де- «Атлетико»), Андрес Иньеста («Барселона»), Тони Кроос, Лука Модрич (екеуі де - «Реал»);

ШабуылшыларАнтуан Гризманн («Атлетико»), Луис Суарес, Лионель Месси (екеуі де - «Барселона»), Роберт Левандовский («Бавария»), Криштиану Роналду, Гарет Бейл (екеуі де - «Реал»).

Ө. Сансызбай