Модрич "Реалға" ауысты

Модрич "Реалға" ауысты

"Реал" "Тотенхэммен" Лука Модричтің ауысымына қатысты келіссөздерді нәтижелі аяқтады, деп хабарлайды Sky Sports.

Хорват футболшысы мадриттік клубпен келісім-шарттың барлық талаптарымен танысып, келісім берген.  Келісімге сәйкес Модрич корольдік клуб сапында аптасына 150 мың евро жалақы алатын болады. Дерек көзінің мәлімдеуінше, Модрич дүйсенбі күні медициналық тексеруден өтеді.

Айта кетсек, "Реал" Модричті алу үшін 42 миллион евроға (футболшыға берілетін бонустарды есепке алғанда) шығындалды.

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: futbolec.ru

Ж. FM