«Барселона» «Реалдың» 27 жыл жаңармаған рекордын жаңартты (видео)

«Барселона» «Реалдың» 27 жыл жаңармаған рекордын жаңартты (видео)
Фото: vk.com

Каталондық «Барселона» мадридтік «Реалдың» 27 жыл бойы жаңармаған рекордын жаңартты. Луис Энрике шәкірттері бұл маусымда 35 ойын қатарынан жеңілген жоқ.

1988/1989 жылғы маусымда «корольдік клуб» 34 ойын қатарынан жеңіліс таппай рекорд орнатқан болатын. Ол кезде мадридтік клубты Лео Бенхаккер жаттықтырған. Сол рекордтың енді ғана мұрты бұзылып отыр. Луис Энрике жаттықтыратын «Барселона» осы маусымдағы жеңіліссіз ойындар санын қатарынан 35-ке жеткізді. Алдағы уақытта бұл рекордты жолын жалғастыруға «блаугрананың» зор мүмкіндігі бар.

Каталондық клуб Испания ла-лигасының ХХVII турындағы ойынын түзде «Райо Валекано» клубына қарсы өткізіп, 5:1 есебімен жеңіске жетті. 

«Барселона» соңғы рет қазан айында сырт алаңда «Севильяға» ұтылған болатын.

О. Сансызбай