Футбол тарихындағы ең жылдам соғылған 10 гол (видео)

Футбол тарихындағы ең жылдам соғылған 10 гол (видео)
Фото: fifa-fan.com

Қазіргі таңда әлемдегі ең жылдам соғылған голдар саны бірнешеу. Олардың барлығы да төреші ысқырығы шалынысымен, алаң ортасынан бағытталып, нәтижелі аяқталған. Бірақ, оның біреуі ғана Гиннестің рекордтар кітабына енген. Ол голды аргентиналық футболшы Рикардо Оливейра соққан. Оның есімі жазылған рекорд 1998 жылы тіркелген. Аргентинаның «Сориано» командасының ойыншысы жергілікті «Рио-Негро» қақпасына 2,8 секундта гол соққан. Әзірге дейін бұл рекордқа түзету енгізілген жоқ.

2009 жылы Сауд Арабиясында футбол тарихындағы ең жылдам гол соғылды. Наваф Әль Абед есімді шабуылшы ойын басталғанына 2 секунд өтпестен таблодағы есепке өзгерту енгізген. Бірақ, бұл нәтиже де рекорд ретінде есепке алынбады. Себебі, алаңға шыққан барлық ойыншылардың жасы 23-тен аспаған екен. Нәтижесінде Наваф Әль Абедтің голы бейресми түрде, әлемдегі ең жылдам соғылған гол ретінде ел есінде қалды.

Назарларыңызға ең жылдам соғылған голдардың бейресми рейтингтік бейнекөрсетілімін ұсынамыз. 

О. Сансызбай