Серфингші зағип жігіт

Серфингші зағип жігіт
Фото: boredpanda.com

Дерек Рабело өмірге келгенде әкесі оның серфингші болғанын қалаған екен. Тіпті, баласының есімін серфингтен алғашқы Гавай чемпионы Дерек Хоның құрметіне қойыпты. Дерек туғаннан зағип болған. Сол себепті әке үміті ақталмады. Бразилиялық жас Дерек саяхаттауды қалайтын. Ол қазір 23 жаста. 17 жасында әкесінің орындалмаған арманын біледі. Осыдан кейін Дерек әке арманын шындыққа айналдыруға күш жұмсайды.

"Біріншіден, әкем үнемі маған қолдау көрсетіп, көмектесетін. Біз таңмен мұхит жағалауына барып, жаттығатынбыз. Достарыммен де бірге дайындалатынмын. Әкем маған мұхитпен тыныстауды үйретті, оның әр толқынын сезінуді үйретті. Әр толқынның өзіне тән дауысы бар. Сол дауыстың көмегімен қай толқынмен жарысатынымды анықтаймын" дейді Дерек.

"Адамдар бар мүмкіндігін пайдалана алмайды. Он екі мүшесі сау бола тұрып, мақсатына жете алмай жатады. Мен оларға адамзаттың қолынан бәрі келетінін дәлелдегім келеді" дейді жас серфингші.

Г. Берік