Қазақстан спорты дамыған алпауыт елдер рейтингінде 30-орында

Қазақстан спорты дамыған алпауыт елдер рейтингінде 30-орында
Фото: vesti.kz

Беделді «Sport Market Intelligence» халықаралық компаниясы спорты дамыған алпауыт елдердің рейтингін жариялады. Рейтинг әлем елдерінде спорт түрлерінен өткен ірі додалар мен айтулы оқиғалар туралы ақпарат негізінде жасалған.

Бұл рейтингте Қазақстан 81 мемлекеттің ішінде 30-орынға жайғасып, соңғы рейтингтегі көрсеткішішінен 4 саты төмендеп отыр. Ал спорттық ірі жарыстарды өткізіп келе жатқан қалалар рейтингінде Алматы 25-ші, Астана 63-ші орыннан көрініп отыр.

Айта кетейік, «Sport Market Intelligence» рейтингі оқиғаның ауқымы, оның спорт әлеміне, жалпы қоғамға тигізген ықпалы, бақ сынаған спортшылар санына байланысты да түзіледі.

О. Сансызбай