«Реал» президенті «Барселонаның» мықты екенін мойындады

«Реал» президенті «Барселонаның» мықты екенін мойындады
Фото: eurocups-uefa.ru

Мадридтік «Реал» футбол клубының президенті Флорентино Перес қазіргі таңда басты бәсекелестері каталондық «Барселонаның» өздерінен бәсі жоғары екенін мойындады. Бұл туралы Marca басылымы ақпарат таратып отыр.

- «Барселона» Forbes рейтингінде бірінші емес, бірақ УЕФА рейтингінде бізден алда. Олар ірі турнирлерде сәтті өнер көрсетіп келеді. Каталондықтар бүгінде спорттық өлшемдер бойынша бізден мықты, - деген Флорентино Перес.

Айта кетейік, қараша айында өткен қос клуб арасындағы ойында «Барселона» Мадридте «Реалды» 4:0 есебімен ойсырата жеңген болатын.

Ө. Сансызбай