«Эль-Класикода» төреші «Реалға» көмектеспек болған

«Эль-Класикода» төреші «Реалға» көмектеспек болған
Фото: lanueva.com

Испания футболында дау шықты. Алда өтетін «Эль-Класико» кездесуінде бас төреші мадридтік «Реалға» көмектеспек болған. Бұл туралы «Daily Mail» басылымы хабарлап отыр.

Испания ла-лигасының ХІІ турында «Реал» мен «Барселона» кездеседі. 21 қарашада өтетін ойынға қазылық жасайтын төрешілердің аты аталмағанмен, кімдер екені ресми түрде бекітіліп қойған. Жақында Испания төрешілер алқасының өкілі Хосе Анхель Хименес де Моралес Муньос ойынның бас төрешісіне қоңырау шалып, «Эль-Класикода» мадридтік клубқа бүйрек бұруын ескерткен. Ал өз кезегінде бас төреші қапталдағы әріптестерінің біріне жағдайды баяндап, қателік жіберуге үгіттеген. Алайда бас төрешінің көмекшісі бұл іске араласпайтынын айтып, сотқа шағым түсірген. Нәтижесінде бұл іске қатысты тергеу жұмыстары басталды.

Айта кетейік, сегіз тур ойындары қорытындысы бойынша мадридтік «Реал», виголық «Сельта» мен каталондық «Барселона» 18 ұпаймен үзеңгі қағыстырып келеді. 

Ө. Сансызбай