ХХVI турда соғылған барлық голдар (видео)

ХХVI турда соғылған барлық голдар (видео)
Фото: vk.com

Футболдан ел премьер-лигасының ХХVI тур ойындары мәресіне жетті. Турдың басты ойынында Алматының «Қайраты» сырт алаңда «Астананы» ұтты.

ХХVI тур ойындары екі күнге созылды. Сенбі күні екінші алтылықтағы командалар ойнаса, жексенбі күні бірінші алтылықтағы ұжымдар өзара 3 ұпайды сарапқа салды.

Қарағандылық «Шахтер» өз алаңында Қызылорданың «Қайсарымен тең ойнады. «Тобыл» мен «Тараз» ойынында есеп ашылмады. Ал Көкшетаудың «Оқжетпесі» Талдықорғанда «Жетісуді» 3:0 есебімен ойсырата жеңді.

Батыстық дербиде «Ақтөбе» «Атыраудан» басым түсті. Алаң иелеріне жеңіс сыйлаған голды 76 минутта Данило соқты. Команданы жеңісімен жақында ғана облыс әкімі болып сайланған Бердібек Сапарбаев арнайы құттықтады.

Шымкентті «Ордабасы» мен Павлодардың «Ертісі» тең ойнады. Кездесуде 1:1 есебі тіркелді. Бірінші болып Бахтияр Байсейітов командасы сапынан Эдин Юнузович есеп ашса, 79 минутта Эвандро Ронкатто пенальтиден таразы басын теңестірді.

ХХVI турдың басты ойынында «Қайрат» «Астананы» қапы қалдырды. «Астана Аренада» өткен ойында Владимир Вайсс шәкірттері бір доп басымдығымен жеңіске жетті. Алматылық клубқа 3 ұпай сыйлаған голды 58 минутта Исаэль соқты. Нәтижесінде «Қайрат» ел премьер-лигасында 32 ұпаймен бірінші орынға шықты. Ал бір ойыны кем «Астана» 28 ұпаймен екінші орында қалды. «Ақтөбенің» де еншісінде 28 ұпай бар.  

Турнир кестесі

Орын                                Клуб Ойын Жеңіс Тең нәтиже Жеңіліс Доптар Ұпайлар
1  "Қайрат" 26 16 6 4 51-17 32
2  "Астана" 25 14 7 4 44-22 28
3  "Ақтөбе" 26 14 8 4 29-14 28
4   "Ертіс" 26 9 10 7 32-29 22
5  "Ордабасы" 26 9 10 7 24-23 20
6  "Атырау" 25 9 10 6 26-24 19
7  "Оқжетпес" 26 10 4 12 32-37 21
8  "Тобыл" 26 9 5 12 27-37 20
9  "Тараз" 26 7 6 13 20-29 15
10  "Жетісу" 26 6 5 15 22-39 15
11  "Шахтер" 26 6 5 15 21-42 14
12  "Қайсар" 26 3 10 13 15-30 11
Ө. Сансызбай