Дмитрий Шомконың голы - айдың үздік голдарының қатарында

Дмитрий Шомконың голы - айдың үздік голдарының қатарында
Фото: eurocups-uefa.ru

Футбол спортының басты мақсаты – гол соғу, қарсыласты жеңу. Ал жанкүйерлер үшін футболдың бір қызығы – соғылған голды тамашалау. Бүгін біз сіздердің назарларыңызға тамыз айында соғылған ең үздік голдар топтамасын ұсынамыз. Олардың қатарында Дмитрий Шомконың голы да бар.

Тамыз айында әлем футболында айтарлықтай жаңалықтар көп болды. Ішкі біріншіліктер, Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасына іріктеу, жолдастық кездесулер, т.б. жанкүйерлер назарынан тыс қалмағаны анық. Айдың ең үздік голдары қатарына елордалық «Астана» клубының ойыншысы Дмитрий Шомконың голы енген. Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясындағы «Астана» мен «ХИК» кездесуінде қазақстандық клубтың қорғаушысы алыс қашықтықтан гол соққан болатын. Асқан шеберлікпен орындалған соққы айдың үздік голдарының қатарына енді.

Ө. Сансызбай