«Астананың» топтық кезеңдегі ойын кестесі жарияланды

«Астананың» топтық кезеңдегі ойын кестесі жарияланды
Фото: vk.com

Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан «Астананың» ойын кестесі жарияланды. Қазақстандық клуб бірінші ойынын сырт алаңнан бастайтын болды.

Болгар бапкері Станимир Стойлов жаттықтыратын елордалық клуб 15 қыркүйек күні лиссабондық «Бенфикада» қонақта болады. «Астана Аренада» 30 қыркүйек күні «Галатасарайға» қарсы ойнайды. Ал 21 қазан күні мадридтік «Атлетикоға» қарсы түзде ойнайды.

«С» тобының ойын кестесі:

15 қыркүйек: 

«Галатасарай» - «Атлетико»
«Бенфика» – «Астана»

30 қыркүйек:

«Астана» - «Галатасарай»
«Атлетико» – «Бенфика»

21 қазан:

«Атлетико» - «Астана» 
«Галатасарай» – «Бенфика»

3 қараша:

«Астана» - «Атлетико»
«Бенфика» – «Галатасарай»

25 қараша:

«Атлетико» - «Галатасарай»
«Астана» – «Бенфика»

8 желтоқсан:

«Галатасарай» - «Астана»
«Бенфика» – «Атлетико»

О. Сансызбай