Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде қанша сыйақы беріледі?

Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде қанша сыйақы беріледі?
Фото: vk.com

Елордалық «Астана» футбол клубы тұңғыш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты. Сыйақыға 14 миллион еуро иеленіп, қаржы қорын молайтты. Алдағы топтық кезеңде де ірі табысқа кенелуіне мол мүмкіндік бар.

2015/2016 жылғы маусымнан бастап Чемпиондар лигасының жүлде қоры 25 %-ға жоғарылаған болатын. Осыған дейін 380 миллион еуро болса, келер маусымнан бастап бұл додаға қатысушыларға 1,5 миллиард еуро таратылатын болады. Ал Еуропа лигасының жүлде қоры 380 миллион еуроны құрайды. Бұл сыйақылар алдағы үш маусымға жоспарланған.

Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққаны үшін «Астана» 12 миллион еуро табысқа кенелді. Ал плей-оффта Кипрдің «АПОЭЛ» клубын ұтқаны үшін тағы 2 миллион еуро алатын болады. Команда екінші және үшінші кезеңдегі ойындарының нәтижесі бойынша 700 000 еуроға (300 мың және 400 мың сәйкесінше) қаржы қорын молайтып үлгерген де болатын. Топта қазақстандық клуб әр жеңісі үшін 1,5 миллион еуро көлемінде қаржыға кенеледі. Ал егер тең түссе, сәйкесінше 500 мың еуроға қол жеткізеді. Бұл сыйақылардың барлығы маусым соңынан берілетін болады.

Айта кетейік, елордалық клуб тарихи жеңісін Қазақ хандығының 550 жылдығына арнады.

Ө. Сансызбай