«Астана» УЕФА клубтар рейтингінде 52 саты жоғарылады

«Астана» УЕФА клубтар рейтингінде 52 саты жоғарылады
Фото: vk.com

Футболдан Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан елордалық «Астана» УЕФА клубтар рейтингінде 44 саты жоғарылады. Нәтижесінде отандық клубтар арасында «Ақтөбені» басып озды.

Станимир Стойлов шәкірттері Кипрдің «АПОЭЛ» клубын жеңгеннен кейін ұпай қорын молайта түсті. Топтық кезеңге өткені үшін 4 ұпай алып, УЕФА клубтар рейтингінде 170-ші орынға көтерілді. Қазақстандық клубтың еншісінде 8,325 ұпай бар. Сондай-ақ, Қазақстан ұлттық құрамасының да коэфициенттер рейтингінде нәтижесі көтеріліп, 26-шы орынға жақындай түсті.

Айта кетейік, қазіргі таңда Еуропаның клубтар рейтингіне 454 клуб бар. Бұл санаттағы тізімге соңғы 5 жылда еурододаға қатысқан футбол ұжымдары ғана енеді. Қазақстандық клубтар арасында осыған дейін «Ақтөбе» алда тұрған болатын. «Астананың» сәтті ойынынан кейін батысқазақстандық клуб отандық ұжымдар арасында екінші орынға сырғыды. «Ақтөбе» 7,825 ұпаймен 176-шы орында. Ал қарағандылық «Шахтер» 7,075 ұпаймен 196-шіыорынға жайғасқан. «Қайрат» болса 3,075 ұпаймен 338-ші орында тұр.

О. Сансызбай