Дзюдодан әлем чемпионы атанған спортшы қанша сыйақы алады?

Дзюдодан әлем чемпионы атанған спортшы қанша сыйақы алады?
Фото: fdk.kz

Дзюдодан Астана қаласында өтіп жатқан әлем чепионатының жүлде қоры 500 000 АҚШ долларын құрап отыр. Спортшылар сыйақыға жекелей және командалық сында ие болады.

Әлем чемпионатының жекелей сынындағы жүлд қоры 300 000 доллар болса, командалық сынға 200 000 доллар бөлінген. Жекелей сында әлем чемпионы атанған спортшы 9000 доллар сыйақы алады. Оның 7200 доллары спортшыға берілсе, бапкеріне 1800 доллар тиесілі. Ал командалық сында жеңіске жеткен құрама 50 000 доллар көлемінде сыйақы алады. Оның ішінде дзюдошылар 40 000 долларды өзара бөліссе, жаттықтырушы 1000 долларды алады.

Әлем чемпионатының жүлде қоры:

Жекелей сын

І орын – 9000 $ (дзюдошыға – 7200, бапкеріне – 1800)

ІІ орын – 6000 $ (дзюдошыға – 4800, бапкеріне – 1200)

ІІІ орын (екі спортшы) – 3000 $ (дзюдошыға – 2400 бапкеріне – 600)

Командалық сын

І орын – 50 000 $ (дзюдошыларға – 40 000, бапкеріне – 10 000)

ІІ орын – 30 000 $ (дзюдошыларға – 24 000, бапкеріне – 6000)

ІІІ орын (екі команда) – 10 000 $ (дзюдошыларға – 8000, бапкеріне – 2000)

Жолдаған: Әйгерім Тоқсанбек

Ө. Сансызбай