Дэнни Джейкобс Головкинді Mortal Kombat ойынының кейіпкеріне ұқсатты

Дэнни Джейкобс Головкинді Mortal Kombat ойынының кейіпкеріне ұқсатты
Фото: tn.kz

WBA тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы Дэнни Джейкобс қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді Mortal Kombat ойынындағы шаянға (Скорпион) ұқсатты, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

Джейкобстың айтуынша, өзгелердің қалауын орындамағаны үшін GGG-ді сынай беруге болмайды. "Ол міндетін рингте атқарады. Сідер қалауыңыздағыны істемегені үшін оны сынай алмайсыздар. Оған қарсы не болса соны айта аласыздар, бірақ ол бәрін жеңді және бұл ісін жалғастырып жатыр. Ол туралы жаман нәрсе айта алмаймын. Онымен жұдырықтасқың келе ме дейсіздер ме? Әрине! Бұл, меніңше, Mortal Kombat ойыны немесе фильмі сияқты, мен сол жігіттердің бәрін жеңіп, алға қарай өтуім керек. GGG - шаян (Mortal Kombat) сияқты. Мен осы жігіттердің бәрімен кездескім келеді... Мен әрбір шақыртуға дайынмын", - деп келтіреді Джейкобстың сөзін ВКонтакте желісіндегі GGG тобы. 

Еске салайық, Головкин - Лемье жекпе-жегі 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Бұл кездесуді HBO телеарнасы таратады. Ал Қазақстанда жекпе-жекті "Қазақстан" арнасынан көруге болады.

М. Бисембаева