Жүгіруді бастай алмай жүргендерге 5 кеңес

О Сансызбай Корреспондент
Жүгіруді бастай алмай жүргендерге 5 кеңес
Фото ©️ excalibur-center.ru

Жаттығудың қарапайым, әрі денсаулыққа пайдалы түрінің бірі – жүгіру. Біреулер артық салмақтан арылу үшін жүгірсе, біреулер дене бұлшықеттерін қалыпқа келтіру үшін, енді бір топ адам кәсіби түрде жүгірумен айналысады. Кейде жүгіруді әдетке айналдыра алмай жүрген жандарды да кездестіреміз. Ол үшін не істеуге болады?

БӨЛІСУ

1. Жүгіру жаттығуыңды бастағаныңды ғаламтордағы бір сайтқа блог ретінде жазып отыр. Әр күнгі жүгіруден кейінгі нәтижелеріңмен мақтан, кемшіліктеріңді айта кет. Жазған жазбаңды әлеуметтік желілердегі достарың мен туыстарыңмен бөліс. Олар сенің жүгіруге ден қойғаныңа разы болып, дем берері сөзсіз.

2. Жүгіруді бастай алмай жүрсең, жаңа ыңғайлы аяқ киім (кроссовка) сатып ал. Жаңа аяқ киімді киіп, жүгіруге құлшынысыңыз оянары анық.

3. Уақыт туралы көп ойлама. Үйге ұялы телефон, сағат секілді заттарыңды қалдырып кет. Ойдың жетегінде жүгіруге тырыс.

4. Күніге бір жолмен, бір бағытта жүгіре берме. Олай жүгіру – адамды жалықтырады. Тым құрығанда апта сайын жүгіру бағытыңды ауыстырып тұр.

5. Өзіңмен бірге жүгіретін адам тап. Жалғыз жүгіргеннен гөрі, қасыңда серігің болса көңілдірек болады.