УЕФА жылдың үздік голына үміткерлер тізімін жариялады (видео)

УЕФА жылдың үздік голына үміткерлер тізімін жариялады (видео)
Фото: tuxboard.com

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) 2014/2015 жылғы маусымның үздік голына үміткерлер ондығын жариялады. Тізімге әлемнің үздік ойыншылары Лионель Месси мен Криштиану Роналдудың соққан голдары да енген.

УЕФА жылдың үздік голына үміткерлер тізімін ресми сайтында жариялады. 25 тамызға дейін спорт жанкүйерлері дауыс бере алады. Тізімге Криштиану Роналду («Реал»), Лионель Месси («Барселона»), Кевин де Брюйне («Вольфсбург»), Аарон Рэмси («Арсенал»), Неймар («Барселона»), Робби Мирхейд («Данди Юнайтед»), Эрик Ламела («Тоттенхэм»), Витор Антунеш («Динамо», Киев), Василий Кобин («Металлист»)  және Мариам Толобаның (19 жасқа дейінгі Бельгия әйелдер құрамасы) голдары енген.

Айта кетейік, 10 үздік голды анықтауға арналған дауыс беру шарасына кез келген ғаламтор қолданушысы қатыса алады. Ол үшін сілтемеге өтіп өз дауысыңызды берсеңіз болады. Жылдың үздік голын бірге анықтайық. 

Ө. Сансызбай