Флойд Мейвезер әлемдегі ең қымбат көліктің бірін сатып алды

Флойд Мейвезер әлемдегі ең қымбат көліктің бірін сатып алды
Фото: sport-express.ru

Кәсіпқой бокстағы екінші орта салмақта WBA, WBC және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Флойд Мейвезер (кішісі) әлемдегі ең қымбат көліктің бірін сатып алды. Швеция елі шығаратын автокөліктің әлемде үшеуі-ақ бар екен.

Флойд Мейвезер (кішісі) сатып алған автокөлік «Koenigsegg CCXR Trevita» деп аталады. Сыртқы бөлігі ақ көміртек талшықтары және алмазбен қапталған. Автокөлік сағатына 100 шақырымдық қашықтықты 2,9 секундта бағындыра алатын күшке ие.

Айта кетейік, қазіргі таңда Флойд Мейвезер әлемдегі ең табысы жоғары спортшылар рейтингінде көш бастап тұр. 

Ө. Сансызбай