Чемпиондар лигасы финалының ресми добы таныстырылды

Чемпиондар лигасы финалының ресми добы таныстырылды
Фото: uefa.com

2014/2015 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасы финалының ресми добы таныстырылды. Сонымен қатар, дүбірлі доданың басты кубогы Берлинге жеткізілді. Бұл туралы УЕФА ресми сайты хабарлап отыр.

Бұл маусымдағы Еуропаның басты бәсекесінің шешуші кездесуі 6 маусымда Берлиндегі «Олимпиаштадионда» өтеді. Чемпиондық атаққа каталондық «Барселона» мен туриндік «Ювентус» таласатын болады.

Айта кетейік, осыған дейін Еуропа футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) қос команданың финалдағы ойынға шығуы мүмкін құрамдарын жариялаған болатын.

«Ювентус»: Джанлуиджи Буффон, Штефан Лихтштайнер, Леонардо Бонуччи, Джорджо Кьеллини, Патрис Эвра, Клаудио Маркизио, Андреа Пирло, Поль Погба, Артуро Видаль, Карлос Тевес, Альваро Мората.

«Барселона»: Марк-Андре тер Штеген, Дани Алвес, Жерар Пике, Хавьер Маскерано, Хорди Альба, Серхио Бускетс, Иван Ракитич, Андрес Иньеста, Лионель Месси, Луис Суарес, Неймар.

Бүгін туриндік клуб шешуші ойын алдында қорғаушы Джорджо Кьелинидің жарақат алып қалуына байланысты алаңға шыға алмайтынын хабарлады.

Ө. Сансызбай