92 жастағы кейуана жүгіруден рекорд жаңартты

92 жастағы кейуана жүгіруден рекорд жаңартты
Фото: tn.kz

АҚШ-та 92 жастағы кейуана марафон рекордын жаңартты, - деп хабарлайды Lenta.ru BBC News басылымына сілтеме жасап.

Порталдың мәліметінше, Харриетт Томпсон (Harriette Thompson) марафон қашықтығын сәтті жүгіріп шыққан ең кәрі әйел атанды. Ол Сан-Диего марафонын 7 сағат 24 минут 36 секундта жүгіріп өтті. Оның жанында 56 жастағы ұлы Бренни болды.

"Рекорд жаңарған кезде Томпсонның жасы 92-ден 65 күн асты. Бұған дейінгі рекорд иесі Глэдис Бэрриллдің (Gladys Burrill) жасы 92-ден 19 күн асқан болатын. Ол 2010 жылы Гонолулу марафонын жүгіріп өтті", - делінген жарияланымда.

Айта кетейік, бұған дейін Томпсон ауыз қуысының обырымен үш мәрте күресіп, ақырында жазылып кеткен.

М. Бисембаева